БЕКІТЕМІН
«Нұра ауданының тарихи –
өлкетану музейі»КМҚК басшысы
_______________ А. Ахметова
«___» _______________2025 ж
"Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейі" КМҚК
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі,
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған
| № п/п | Лауазымы | Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазымдық өкілеттіктер | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|---|---|---|---|
| 1 | Басшы | Ұйымның ғылыми-зерттеу, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын шешімдердің салдары, мұражай мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы үшін жауап береді; Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз етеді, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін дамыту, ынталандыру шараларын қабылдайды; Шарттар жасасу, бөгде ұйымдармен операциялар жүргізу, бұйрықтар шығару; ұйымды барлық органдарда ұсыну. |
Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу қаупі; Функцияны орындамау немесе дұрыс орындамау; Кадр саясатына ықпал ету; Мүдделер қақтығысы. |
| 2 | Бас есепші | Бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады; Мерзімді және жылдық есептілікті жасайды және жоғары ұйымдарға ұсынады; Бухгалтерлік құжаттардың, төлем міндеттемелерінің дұрыс жүргізілуіне бақылау жасайды; Ақшалай қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылайды; ТМҚ, негізгі құралдар есебін жүргізеді және қозғалысын уақтылы көрсетеді. |
Бухгалтерлік есеп пен жалақы төлеу барысында тәуекелдер; Бюджетті тиімсіз жоспарлау; Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану; Ақпаратты жасыру немесе бұрмалау арқылы жеке пайда көру мүмкіндігі. |
