Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қараганды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы.

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Қараганды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы.
Мекен жайы:
Казахстан, 111200, Костанайская обл. г.Лисаковск
Жұмыс кестесі:
пн - пт: 09.00 - 18.00 обед 13.00 - 14.00
Билеттер мен экскурсиялар
+8 7143 33 89 26, +8 7143 44 87 20
Телефон:
+7 7143 33 89 26
Кіру
Тіркелу

Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейі

Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейі-ауданымыздың бай тарихи, мәдени және рухани мұрасын сақтау мен насихаттау мақсатында 2012 жылы ашылған мәдени-ғылыми орталық. Музей Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қарасты жұмыс істейді және өңір тарихын зерттеуде, ұлттық жадты сақтау мен дамытуда маңызды рөл атқарады.

Музейдің басты мақсаты-Нұра өңірінің бай тарихы мен мәдениетін көрсететін қор қалыптастырып, оны сақтау, сондай-ақ аудан халқы арасында ғылыми, ағартушылық және көрмелік жұмыстар жүргізу.

Музейдің тарихы мен қызметі
Музей ашылғаннан бері өткен уақытпен жүздесіп, бүгінгі өмірге тарих парасатымен қарайтын орынға айналды. Музей ғимараты 875 шаршы метрді құрайды және жыл сайын 2000-нан астам келушіні қабылдайды.

Музей қорында жалпы-3516 жәдігер бар, оның ішінде 2020 негізгі қор, 1496 ғылыми- көмекші қор. Жәдігерлер арасында ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы құжаттар, фотосуреттер, ғылыми еңбектер мен тарихи маңызы бар заттар жинақталған.

2024 жылы 21 жәдігер (оның ішінде негізгі қор-16, ғылыми-көмекші-5) қабылданса, 2025 жылы 120 жәдігерге толықты, негізгі қор-95 дана, ғылыми-көмекші қорда-25 дана тіркелген.

Виртуалды жобалар мен әлеуметтік желілер
Музейдің әлеуметтік желілердегі белсенділігі де артқан. Instagram, Facebook, Одноклассники және YouTube сияқты платформаларда түрлі виртуалды жобалар мен онлайн іс-шаралар ұйымдастырылады.

Музейдің әлеуметтік желілерінде:

Instagram желісінде-2787 оқырман

 Facebook-та 4083

Одноклассниктерде-2554

YouTube-те 282 жазылушы бар

Инновациялық жобалар мен жаңа әдіс-тәсілдер
Музейге келушілерді тарту мақсатында түрлі интерактивті жобалар мен іс-шаралар өткізіледі. Мұнда интеллектуалды квест ойындары, акциялар, тимбилдинг, жылжымалы көрмелер, зияткерлік марафондар мен мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады. Сондай-ақ «Нұра өңірінің тарихын білесің бе?» акциясы, «Музей түні» жобасы сияқты жаңаша әдіс-тәсілдер музейге келушілердің санын арттыруға бағытталған.

Музейдің негізгі қызмет бағыттары

  • Музей қазіргі заманғы мәдени-ағартушылық орталық ретінде жұмыс істейді;
  • Оқушылар мен жастарға арналған тарихи-танымдық сабақтар, шеберлік сабақтары, «Музей сабақтары» мен «Ашық есік күндері» ұйымдастырады;
  • Өлке тарихын зерттеу, көрнекті тұлғалардың мұрасын насихаттау және мұрағаттық материалдар жинау арқылы ғылыми-танымдық жұмыс жүргізеді;
  • Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған мерекелік және дәстүрлі шаралар өткізеді.

Музейдің негізгі залдары
Музей ғимаратында үш негізгі көрмелік павильон бар:

  1. «Археология және этнография» залы
    Бұл зал ауданның мәдени-тарихи және археологиялық ескерткіштерімен таныстырады. Мұнда 100-ден астам археологиялық ескерткіштер мен архитектуралық мазарлар туралы мәліметтер ұсынылады. Залда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, киіз үйдің ішкі көрінісін, ұлттық қолөнер бұйымдарын көруге болады.
  2. «Астық» залы
    Бұл залда ауданның ауылшаруашылық тарихы, тың игеру кезеңіндегі астық өндіру, Шұбаркөл көмір өндірісінің маңызы және аграрлық ғылымдағы жетістіктер баяндалады. Залда Қазақстанның аграрлық ғылымының негізін қалаушы ғалым Кәрім Мыңбаевтың өмірі мен еңбектері туралы мәліметтер де көрсетілген.
  3. «Ерлік даңқы» залы
    Бұл залда ауданның мәдениет, спорт, өнеркәсіп және денсаулық сақтау салаларында қызмет еткен көрнекті тұлғалар көрсетіледі. Солардың ішінде Қазақстан Республикасының Парламенті сенатының депутаты, денсаулық сақтау министрі болған тұлғалар және ауған соғысының ардагерлері, желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтардың өмірі мен жетістіктері туралы мәліметтер жинақталған.

Музейдің жаңартулары
2023 жылы музейдің «Археология және этнография» залы, «Ерлік даңқы» залы және конференц залы толық жаңартылды. Залдардағы экспозиция мен композициялар Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің көмегімен жаңартылды, сондай-ақ киіз үйдің ішкі көрінісі, дәстүрлі қазақша үстелдер мен ұлттық ыдыс-аяқтар сатып алынды.


Нұра аудандық тарихи-өлкетану музейі-13 жылдық тарихы бар мәдени және ғылыми зерттеу орталығы. Музей халықтың тарихи санасын жаңғыртып, ұрпақтан ұрпаққа мұра қалдыруды мақсат етіп қойып, қоғаммен бірге өсіп, дамуда. Музейге келушілер тарихи жәдігерлермен танысып қана қоймай, қазақ халқының рухани және мәдени байлығын кеңінен түсінеді.

 

Мемлекеттік бағдарламалар

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы 1991 жылы құрылған. Бастапқыда ол қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының дербес бөлімі ретінде әрекет етті. Лисаков мұражайы топтамасының негізін қала құраушы кәсіпорын-Лисаков тау - кен байыту комбинатының тарихи-өндірістік мұражайынан берілген қорлар құрады. Материалдарды Лисаковскідегі мұражай ісінің негізін қалаушы С.M. Ләпустина жинады.