Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі.
- Материалы: Саздан (балшықтан) қолдан жасалған, күйдіріліп қатайтылған.
- Пішіні: Алмұрт тәрізді, аузы тар, денесі кеңірек.
- Түсі: Табиғи саз түсті-қызғылт-қоңыр.
- Тесіктері: Алдыңғы бетінде бірнеше дыбыс шығаратын ойықтары бар. Бұл ойықтар арқылы әртүрлі ноталар мен әуендер орындалады.
- Безендіруі: Бүйір бетінде ұлттық өрнекке ұқсайтын ойылып жасалған сәндік элементтер бар.
- Мақсаты: Үрлеп ойнайтын аспап. Қазақ халқының көне үрмелі аспаптарының бірі.
Мәдени маңызы:
Сазсырнай-қазақ халқының ертеден келе жатқан халықтық музыкалық аспабы. Көбінесе балалар мен жастар арасында кең тараған. Әуені жұмсақ әрі нәзік, табиғат пен адамның ішкі жан дүниесін бейнелейтіндей әсер береді.
Бұл аспап қазір де этномузыка мен фольклорлық ансамбльдерде қолданылады, әрі қазақтың рухани мұрасын танытатын көрме нысаны ретінде де бағаланады.
Ұзындығы- 8 см
Сый Нұра ккентінің тұрғыны Ақерке Жөкен

