Саптама етік
Саптама етік - ішіне киізден астар салып, былғарыдан тігілген жылы аяқ киім. Қос ұлтанды, өкшесі аласа, қонышы тізені жауып тұрарлықтай етіп тігілген. Ал басының ойындысы қонышының ойындысына дәл келтіріп, тігісін ішіне қаратып қос тарамыспен тігілген. Етік жылы әрі берік болу үшін тігістің арасына жіңішке былғары таспалан салынған. Табынынан суық өтпеу үшін ішкі ұлтан мен сыртқы ұлтан ағаш шегелермен бекітілген. Ұлтан қопарылмау үшін етіктің үзеңгілігіне дейінгі бөлігіне шеге екі қатар қығылып, үзеңгілігінің тұсынан бастап өкшесіне дейін бір-ақ қатар қағылған. Етіктің ішінде киіз байпаға бар.
Табанының өлшемі – 44 , биіктігі 60 см

