Есеп шоты
Қолмен есептеуге арналған механикалық құрал. Тік бұрышты ағаш жақтауға металл сымдар тартылып, оларға қара-қоңыр түске боялған ағаш моншақтар тізілген. Сауда және оқу орындарында арифметикалық амалдарды орындау үшін пайдаланылған. ХХ ғасырдың кеңсе және тұрмыстық есеп жүргізу мәдениетін бейнелейді.
КСРО, XX ғасырдың орта шені
Өлшемі: ұзындығы-44 см, ені-30 см
Сыйға тартқан Нұра кентінің тұрғыны М.Қанапиянова

