Жүнісов Рысбай Қошмағанбетұлы
1956 жылы 16 наурызда Целиноград облысы Қорғалжын ауданының Калинин кеңшарында дүниеге келген.
Рысбай Қошмағанбетұлы 1974 жылы XXII партсъезд кеңшарындағы мектепті бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолын XXII партсъезд кеңшарындағы «Армандастар» комсомол жастар бригадасында бастады. 1974 жылдың қарашасынан 1976 жылдың қарашасына дейін Украина КСР-нің Киев, Тернополь, Харьков, Чертков, Львов қалаларында әуе шабуылына қарсы қорғаныс секторында әскери борышын өтеді
1977 жылы ауылшаруашылық институтына түсу үшін дайындық курстарына қабылданып, 1983 жылдың тамыз айында осы оқу орнын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдайды. Оқуын аяқтағаннан кейін, 1983 жылдың қазан айынан бастап МТМ бастығы, содан кейін «Сарыөзен» кеңшарының бас инженері болып жұмыс істеді. 1987 жылдың қараша айында Теңіз ауданының Агроөнеркәсіптік бірлестігіне бас инженер болып ауыстырылды.
1988 жылдың шілдесінен 2000 жылдың мамырына дейін «Талдысай» кеңшарының бас инженері, 2000 жылдың мамырынан 2003 жылдың маусымына дейін «Талдысай» акционерлік қоғамының президенті, 2003 жылдың шілдесінен 2017 жылға дейін «Талдысай-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып жұмыс істеді. 2017 жылдан 2020 жылға дейін Нұра ауданындағы Талдысай ауылының әкімі қызметін атқарды.
Жүнусов Рысбай Қошмағанбетович — тәжірибелі басшы әрі ұйымдастырушы. Ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады. Ауыл және аудан тұрғындары арасында құрметке ие.
Ауыл шаруашылығын дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісімен, «Еңбек Даңқы» ІІ дәрежелі төсбелгісімен, сондай-ақ Нұра ауданының 90 жылдығына арналған төсбелгімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қарағанды облысы әкімінің және Нұра ауданы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған.
Жүнісов Рысбай Қошмағанбетұлы туралы ақпарат «Қорғалжын энциклопедиясы», «Нұр ауданының энциклопедиясы» кітаптарына, сондай-ақ 2024 жылы жарық көрген «Қазақтың алтын кітабы» кітаптарына енгізілді.
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 қазандағы No 119 шешімімен Рысбай Қошмағанбетұлы Жүнісовке «Нұра ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

