Головина Любовь Ивановна
1947 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1971 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітіргеннен кейін Нұра аудандық ауруханасында бастаған.
1974 жылы Қарағанды қаласының №6 перзентханасында акушер-гинеколог мамандығы бойынша интернатурадан өткен.
Оқуды аяқтағаннан кейін Любовь Ивановна Нұра ауданына жіберіліп, сонда акушер-гинеколог дәрігері лауазымында көп жылдық әрі абыройлы кәсіби қызметін бастаған.
Өзінің бүкіл өмірін осы игі іске арнап, зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін адал еңбек етті.
Жылдар бойы жұмыс істеген кезінде Любовь Ивановна өзін жоғары білікті, компетентті және өз ісіне адал маман ретінде көрсетті. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қараған, еңбексүйгіш және мейірімді дәрігер ретінде танылды, кәсіби білімді науқастарға шынайы қамқорлықпен шебер үйлестірді. Оның тәжірибесі мен адал еңбегі арқасында жүздеген әйелдер сапалы медициналық көмек алды, ал көптеген отбасылар ана мен әке болудың қуанышын сезінді.
Любовь Ивановна медициналық конференциялар мен семинарларға белсене қатысып, жас мамандарға өз тәжірибесімен бөлісті, әріптестеріне консультациялық көмек көрсетті.
Ол жарты ғасырдан астам мінсіз қызметін халық денсаулығы жолындағы еңбегіне арнады. Еңбек еткен жылдары әріптестерінің құрметіне, емделушілерінің алғысына, аудан тұрғындарының алғысына бөленді.
Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері үшін Любовь Ивановна «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2011 ж.), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен (2023 ж.) марапатталды, сондай-ақ Қарағанды облысының, Нұра ауданының әкімі және облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 қазандағы No 119 шешімімен Любовь Ивановна Головинаға «Нұра ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

