Аудан әкімі Аян Шалмағанбетовтің қатысуымен Ата Заң мерекесі қарсаңында аудан әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Тарихи маңызы жоғары құжат күніне арналған шара барысында аудан әкімі: - Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Бұл күн халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке. Тек мықты, әрі дербес мемлекет қана өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғап, еліміздің табысты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті. Осынау мәні терең, мәртебелі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға зор. Денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, - деп жиынның шымылдығын ашты. Салтанатты шара барысында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұсынуымен, Нұра аудандық мәслихатының шешімімен Нұра ауданының «Құрметті азаматы» атағын Қарой ауылының тумасы, Қазақстанның ішкі істер органдарының майталман ардагері, Ішкі істер министрлігінің құрметті ар дагері Тулеуов Қалмағанбетке аудан әкімі табыстады. Тулеуов Қалмағанбет - Қарой ауылының тумасы. Еңбек жолын Путь Ленина ауылында учаскелік агроном болып бастап, 1969-1971 жылдары Кеңес әскері қатарында міндетін атқарған соң, Целиноград қалалық ішкі істер бөлімінің СМҰҚБ-де инспекторлық қызметтен бастап, осы салада атқарған абыройлы еңбегі нәтижесінде 1988-1998 жылдары Ақмола облысының ІІБ басшысы қызметін атқарған. Бүгінгі күні Халықаралық полицейлік ассоциация мүшесі. Қызметке деген адалдығы мен зор жауапкершілігі үшін алғыс хаттар мен мерейтойлық медальдармен марапатталған. Бүгінде «ІІМнің құрметті ардагері» мен «Ардагер-Ветеран» төсбелгілерінің иегері Тулеуов Қалмағанбет - ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысып, кіші Отаны Қарой ауылының гүлденуіне үлес қосып келе жатқан азамат екенін жиын барысында жерлестері Зарлық Мақсұтов пен Виктор Приб атап өтті.
30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Мемлекеттік бағдарламалар
Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы 1991 жылы құрылған. Бастапқыда ол қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының дербес бөлімі ретінде әрекет етті. Лисаков мұражайы топтамасының негізін қала құраушы кәсіпорын-Лисаков тау - кен байыту комбинатының тарихи-өндірістік мұражайынан берілген қорлар құрады. Материалдарды Лисаковскідегі мұражай ісінің негізін қалаушы С.M. Ләпустина жинады.

