Исабеков Туяк Копейулы
1950 жылғы 29 наурызда дүниеге келген. Туяк Исабек Нурин ауданы, Черниговка ауылында өмір сүріп, сол жерде 1967 жылы Калинин орта мектебінің орыс бөлімі бойынша білімін аяқтаған. Сол жылы Қарағанды политехникалық институтына түсіп, 1972 жылы «Полезді қазбаларды жер асты игеру технологиясы мен механизациясы» мамандығы бойынша бітіріп, тау-кен инженері дипломын алған.
Кеңес Армиясының қатарында дивизиялық артиллерия офицері (взвод командирі, батарея командирі) болып қызмет еткеннен кейін, еңбек жолын «Қарағандақұрылыс» ПО «Батыс» шахтасында жер асты тау-кен шебері болып бастаған. 1977 жылы туған ЖОО-да ғылыми қызметпен айналысу ұсынысын қабылдап, барлық сатыдан өтіп: аға инженер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, аспирант, ассистент, доцент, профессор дәрежесіне жеткен.
Туяк Исабек – 420-дан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы, соның ішінде 23 өнертабысы, 15 ғылыми монографиясы, 8 оқулығы, 12 оқу құралдары бар. Ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткені үшін «Қазақстан Республикасының білім үздігі», «ҚарГТУ-ның еңбегі сіңген қызметкері», 2008 және 2014 жылдары ҚР БҒМ «Жылдың үздік оқытушысы» атағының екі мәрте иегері, ҚарГТУ «Ерен еңбегі үшін» белгісі, ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» белгісімен марапатталған. 2014–2016 жылдары «Шахтер даңқы» І, ІІ, ІІІ дәрежелі толық кавалері. НАГН РК-ның «Тау-кен ғылымының үздігі» құрмет белгісін алған.
Сонымен қатар, көптеген Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарының иегері: ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы (2001 ж.), РФ Энергетика вице-министрінің алғыс хаттары (2014, 2016 жж.), ҚР МЭ Қарағанды облыстық басқармасының Құрмет грамотасы (2015 ж.), Қарағанды қаласының әкімі алғыс хаттары (2009, 2012 жж.), ҚарГТУ ректорының 10-нан астам грамоталары және т.б.
2020 жылы Нурин ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілген.

