Романенко Анатолий Павлович
1939 жылы 15 тамызда Нурин ауданының Жараспай ауылында дүниеге келген. 1958 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін «17 жыл Октября» совхозында механизатор болып жұмыс істеген. Сол жылы Совет Армиясына шақырылған.
1961 жылдан 1970 жылға дейін «17 жыл Октября» совхозының жөндеу-механикалық шеберханасында жүргізуші, слесарь, механик болып еңбек еткен. 1972 жылы Мичурин совхоз-техникумын «Ауыл шаруашылығын механизациялау» мамандығы бойынша бітірген.
1972 жылдан 1982 жылға дейін «17 жыл Октября» совхозында жөндеу шеберханасының меңгерушісі, бас инженері болып қызмет атқарған. 1982 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1982 жылғы наурыздан 1996 жылғы сәуірге дейін Пржевальский совхозының директоры, «Алтын Дән» Өндірістік меншік иелерінің кооперативінің төрағасы болған. Анатолий Павлович басқарған шаруашылық аудан және облыс бойынша өсімдік шаруашылығында алдыңғы қатарлы орындарды иеленген.
1996 жылғы наурыздан бастап Нурин ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 1996 жылғы шілдеден аудан әкімі бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2002 жылғы 1 ақпаннан бастап – ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы.
2003–2008 жылдары аудандық «ҚазАгроКонсалтинг» филиалының менеджері болып жұмыс істеген. Анатолий Павловичтің көпжылдық еңбегі «Еңбек даңқы үшін», «Целинді жерлерді игеру үшін», «Ұзақ жылғы адал еңбек үшін», «Қазақстанның Целинаны игеруіне 50 жыл», «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен бағаланған.
2015 жылы оған Нурин ауданының Құрметті азаматы атағы берілген.

