Бекишев Кайыржан Бекишевич
Қайыржан Бекишевич Бекишев 1943 жылы 20 қаңтарда Черниговка (қазіргі Кобетей) ауылында дүниеге келген.
1960 жылы Қарағанды педагогикалық институтын биология мамандығы бойынша «үздік» бітірген. Педагогикалық қызметін Семеновка ауылындағы мектепте биология пәнінің мұғалімі болып бастаған, кейін оқу бөлімі бойынша орынбасар болып тағайындалған. 1965 жылы Кеңес Армиясына шақырылып, Қушка қаласындағы артиллериялық бөлімде қызмет атқарған. Әскерден кейін 24 жасында Балықтыколь ауылындағы мектепке директор болып тағайындалған.
1969 жылы Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтының биология кафедрасына оқытушы ретінде шақырылған. 1974 жылы КарМУ-дың (қазіргі Е. Букетов атындағы ҚарМУ) жолдамасымен Мәскеудегі Серевцев атындағы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасына түскен. Кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1978 жылы алғашқы еңбектері жарық көрген: 5 оқулық, 15 әдістемелік құрал.
Аспирантурадан кейін ҚарМУ биолого-химиялық факультетінің деканы болып қызмет атқарған, кейін тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, сонымен қатар университеттің партия ұйымының хатшысы қызметін қатар атқарған. 1996 жылы Алматы қаласындағы «Экология» академиясының академигі болып сайланған. 2002 жылы биологиялық ғылымға қосқан үлесі үшін профессор атағы берілген.
Қ.Б. Бекишев – білім беру саласының заслуженный қызметкері, Қазақстан Республикасының табиғи ғылымдар академигі, «Ы. Алтынсарин» белгісімен марапатталған. Бірнеше оқулықтың авторы, 50-ден астам ғылыми еңбектері бар. Ғылыми зерттеулерінің негізгі тақырыптары – Қазақстандағы экологияның өзекті мәселелері.
2013 жылы оған Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілген.

