Прокоп Георгий Георгиевич
Прокоп Г.Г. 1950 жылы Нұра ауданы, Киевка поселкесінде дүниеге келген. Сол жерде мектепте білім алған. 1973 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1973 жылы институтты бітірген соң Вишнев ауданындағы «Вячеславский» совхозында МТМ меңгерушісі, бас инженер болып бастаған. 1976 жылғы желтоқсаннан 1986 жылғы шілдеге дейін Нұра ауданының бұрынғы «Черниговский» совхозында бас инженер қызметін атқарған. Сол кезеңде тәжірибелі ауылшаруашылық маманы В.Ф. Вольфтан мол тәжірибе жинаған.
1986 жылғы шілдеден бастап, 20 жылдан астам уақыт бойы, «Шахтерское» ЖШС-нің ірі дәнді дақылдар мен тұқым шаруашылығын дамытатын шаруашылығын басқарып келеді. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, аудандық мәслихат депутаты, барлық уақытын туған өлкесінің ауыл шаруашылығын дамытуға арнайды.
Мемлекеттің алдында қосқан еңбегі, қоғамдық белсенділігі және әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуға елеулі үлесі үшін «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, «Еңбек даңқы», «Тыңға 50 жыл» медальдарымен, ВДНХ-ның екі медалімен марапатталған. 2014 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Отан» орденімен марапатталған.

