Скорик Василий Пантелеевич
1925 жылы туған, мерген. Туған жері – Қарағанды облысы,
Нұра ауданы, Черниговка ауылы. 1942 жылы майданға
аттанып, Иркутск артиллерия училищесіне жіберілген, кейін
Чита қаласына жолданып, Жапониямен шекараны қорғаған.
Марапаттары: «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін»,
«Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін»,
«Ерлігі үшін» медальдары жəне мерейтойлық медальдар.
2010 жылдан бастап Нұра ауданының Құрметті азаматы.
Қайтыс болды.

