Ишимов Борис Семенович
Ишимов Борис Семенович 1925 жылғы 5 мамырда Ресей
Федерациясы, Челябі облысы, Ногай ауданы, Ново
Россыпянск ауылында дүниеге келген. Сержант.
1943 жылғы ақпанда Челябі əскери комиссариаты арқылы
соғысқа шақырылған. 2ші Беларусь майданының құрамында
37дивизияда атқыштар полкінің бөлімше көмекшісі болып
соғысқан. Соғысты Жапонияда бөлімше көмекшісі болып
аяқтаған.
Марапаттары: Отан соғысы ІІ дəрежелі ордені, «Германияны
жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Жуков медалі»,
мерейтойлық медальдар.
19501959 жылдары Свердловск қаласында геологиялық бар
лау экспедициясында жүргізуші болып жұмыс істеген. 1959
жылдан бастап Қазақстанға келіп, «Энтузиаст» совхозында
зейнеткерлікке шыққанға дейін жүргізуші болып қызмет
атқарған.
1986 жылдан бастап зейнеткерлік демалыста.
2010 жылдан бастап Нұра ауданының Құрметті азаматы.
Қайтыс болды.

