Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейі» КМҚК
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
«Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейі» КМҚК
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Мекен жайы:
Казахстан, 111200, Костанайская обл. г.Лисаковск
Жұмыс кестесі:
пн - пт: 09.00 - 18.00 обед 13.00 - 14.00
Билеттер мен экскурсиялар
+8 7143 33 89 26, +8 7143 44 87 20
Телефон:
+7 7214 422 070
Кіру
Тіркелу

Құланөтпес

Баяғы заманда Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Дешт қыпшақтарды жеңгеннен
кейін өзінің шағын ғана сарбаздарын алып аңға шығыпты. Жолда олар бір табын
құландарға кез болады. Құланды қуам деп жүріп ол әскерінен бөлініп кетеді. Жошы шауып
келе жатып садақ оғымен құландардың басшысын жаралайды. Қатты ызаланнған
құландар басшысы бар күшімен оның өзіне тап береді, Жошы аттан құлап апат болады.
Сарбаздар өліп жтқан Шыңғысханның ұлын көріп зәрелері ұшады, мұны ханға қалай
жеткізерлерін білмейді. Сарбаздардың абыржыған түрінен хан да күдіктенеді. Бірдеңе
болғанын түсінеді. Егер біреу жақын арада оған жаман хабар жеткізссе басын шабамын
деп ескертеді. Бір қартайған күйші ханға баласының қазасын домбырасында күй ойнау
арқылы жеткізеді. Ол «Ақсақ құлан» күйін ойнайды. Тыңдап болғаннан кейін ол шалдың
басын алуға бұйырады. Сонда шал: «О, құрметті хан ием! Мен өз аузыммен сізге ештеңе
айтқан жоқпын, сөйлеген менің домбырам», - депті. Шыңғысхан бұл сөзге тоқтап,
домбыраның көмейіне қорғасын құйғызыпты. Ал Сарыарқаның барлық құландарын үлкен
ор қазып соған құлатуды бұйырыпты. Осы үлкен ор уақыт өте суға толыпты, ол
«Құланөтпес» өзені деп аталыпты. Жошы ханның қорымы Ұлытау ауданының жерінде
орналасқаны бәрімізге мәлім.