Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейі» КМҚК
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
«Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейі» КМҚК
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Мекен жайы:
Казахстан, 111200, Костанайская обл. г.Лисаковск
Жұмыс кестесі:
пн - пт: 09.00 - 18.00 обед 13.00 - 14.00
Билеттер мен экскурсиялар
+8 7143 33 89 26, +8 7143 44 87 20
Телефон:
+7 7214 422 070
Кіру
Тіркелу

Саптама етік

Саптама етік  - ішіне киізден астар салып, былғарыдан тігілген жылы аяқ киім. Қос ұлтанды, өкшесі аласа, қонышы тізені жауып тұрарлықтай етіп тігілген. Ал басының ойындысы қонышының ойындысына дәл келтіріп, тігісін ішіне қаратып қос тарамыспен тігілген. Етік жылы әрі берік болу үшін тігістің арасына жіңішке былғары таспалан салынған. Табынынан суық өтпеу үшін ішкі ұлтан мен сыртқы ұлтан ағаш шегелермен бекітілген. Ұлтан қопарылмау үшін етіктің үзеңгілігіне дейінгі бөлігіне шеге екі қатар қығылып, үзеңгілігінің тұсынан бастап өкшесіне дейін бір-ақ қатар қағылған. Етіктің ішінде киіз байпаға бар.

Табанының өлшемі – 44 , биіктігі 60 см